ШҚО-да төрт күннің ішінде 15 кг жуық есірткі мен психотроптық заттар тәркіленді

8 Маусым 2021, 07:15
4314
Бөлісу:
ШҚО-да төрт күннің ішінде 15 кг жуық есірткі мен психотроптық заттар тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Дәрмек» республикалық жедел алдын алу іс-шарасының 4-ші күнінде облыс полицейлері 8 қылмыстық және 3 әкімшілік есірткі қылмысын анықтады, деп хабарлайды altaynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, өңірдегі дәріханалардың бірінен құрамында кодеин бар дәрілік препараттардың рецепсіз сатылғаны анықталған. Қазіргі уақытта дәріхана фармацевтіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

«Дәрмек» операциясын жүргізу барысында 31 жастағы облыс орталығының тұрғыны қолға түсті. Тінту барысында оның гаражынан ішінде өсімдік тәрізді заттар бар 109 полимер пакет салынған қорап табылып, тәркіленіп алынды. Сондай-ақ моншадан үш қағазға оратылған және 1 полимерлі пакетке салынған ерекше исі бар жасыл түсті зат табылды. Тексеру нәтижелеріне сәйкес, тәркіленген заттар жалпы салмағы 9 кг 753,09 граммды құрайтын «Гашиш» есірткі құралы болып табылады, – дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Аталған фактіге сәйкес ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы, 33-бөлігі бойынша тергеу амалдары басталды.

Жалпы жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері 14 килограмнан астам есірткі құралдары мен психотроптық заттар тәркіленді. Оның ішінде, 4 кг-нан астам марихуана, 10 кг-ға жуық гашиш және 90 грамнан астам психотроптық заттар бар.

Өзгелердің жаңалығы