ШҚО-да тәулігіне 1000 тонна күнбағыс майын шығаратын зауыт ашылды

24 Мамыр 2021, 23:48
2151
Бөлісу:
ШҚО-да тәулігіне 1000 тонна күнбағыс майын шығаратын зауыт ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Бүгін Үкімет басшысы Асқар Ұзақбайұлы біздің өңірге сапары барысында «Qazaq astyq group» ЖШС май экстракциялық зауыты жұмысының тұсауын кесті. Кәсіпорын тәулігіне 1000 тоннаға дейін күнбағыс немесе 800 тонна рапс/зығыр тұқымын өңдейді. Мұнда 300-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Семейде, сондай-ақ Ядролық медицина және онкология орталығында, балалар мен ересектерді оңалтуға арналған «Iv plus» клиникасында болдық. Бұл бірегей орталықтарда ең заманауи технологиялар мен жабдықтар қолданылатынын атап өткім келеді, – деді облыс әкімі.

Биыл Шығыс Қазақстанда сульфидті кенді өңдейтін Ақтоғай II байыту фабрикасының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Премьер-Министр аталған жобаның іске асырылу барысымен танысты.

Инвестиция көлемі 514,6 млрд теңгені құрайды, бір мың жаңа жұмыс орны құрылады. Осылайша, 2027 жылға дейін мыс өндірісі жылына 200 мың тоннаға дейін артады және кеніш әлемдегі ең ірі кен орындарының қатарына қосылады. Асқар Ұзақбайұлы, сондай-ақ Глубокое ауданындағы «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС-нің тауарлы-сүт ферма, егіс алаңдары және ауыл шаруашылығы техникаларымен танысты. Былтыр кәсіпорын 13 мың тонна сүт және 300 тонна сиыр етін өндірді. Басшысының айтуынша, алдағы бес жылда жалпы сүт өнімі тәулігіне 40 тоннадан 100 тоннаға дейін артады. Бұл ретте айта кету керек, кәсіпорын дақылдардың тұқымын сатуда ел ішінде көшбасшы мекеме. – деп жазды Даниал Ахметов.

Сонымен қатар, сапар барысында Премьер-Министр барлық жауапты органдардың назарын «Талдықорған — Өскемен», «Қалбатау-Майқапшағай», «Үшарал — Достық» автомобиль жолдарындағы құрылыс жұмыстарының қарқынына аударып, сапаны қамтамасыз етудің және уақтылы пайдалануға берудің маңыздылығын ерекше атап өтті.


Өзгелердің жаңалығы