Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай қаласы карантинге жабылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz.
Өңірдің бас санитар дәрігері орынбасарының міндетін атқарушының қаулысына сәйкес, 15 қараша, сағат 00.00-ден бастап қала сыртына кіріп-шыққандарды бақылау үшін блок-бекет қойылды.
Карантинге байланысты кинотеатрлар, монша, сауна, бассейн, театр, мәдениет нысандары, кітапхана, музейлер, фитнес орталықтары және жаттығу залдары, спорт кешендері, СПА орталықтары/салондары жабық болады.
Алтай ауданында соңғы тәулікте 30 адамнан коронавирус анықталды. Жалпы ауданда вирус жұқтырғандар саны 825-ке жетті.
Айта кетейік, бұған дейін ШҚО-да Риддер, Серебрянск қалалары және Жаңа Бұқтырма ауылы карантинге жабылған.