ШҚО-да «Шілікті» сапар орталығы салынады

13 Шілде 2021, 19:35
3266
Бөлісу:
ШҚО-да «Шілікті» сапар орталығы салынады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында «Шілікті» сапар орталығы салынады.

Бүгін «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов Зайсан ауданының әкімі С.Зайнулдиннің қабылдауында болып «Шілікті» сапар орталығының орналасатын жері бойынша келіссөздер жүргізді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен бой көтеретін ғимарат «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты Шілікті қорғандарын көруге келушілердің санын арттыру, туристерге кеңінен насихаттау және жайлылықты қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған. Сапар орталығында заманауи үлгіде жабдықталған музей залы, қонақ үй ғимараты және ақпараттық-насихаттық орталық сынды бірқатар бөлім қарастырылған.

ШҚО-да «Шілікті» сапар орталығы салынады

Сондай-ақ ««Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК директоры Нұрболат Ахметжанов қорық-музейге қарасты Зайсан ауданындағы Шілікті қорғандарына барып, тарихи мекенде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы кеңес өткізді.

Зайсан өңірінде 6 тарихи, 21 мәдени-архитектуралық, 8 археологиялық ескерткіш тіркелген. Өлкедегі тарихи ескерткіштердің бірі де бірегейі - Шілікті қорғандары.

ШҚО-да «Шілікті» сапар орталығы салынады

Шілікті қорымы Зайсан ауданы, Шілікті ауылының оңтүстік батысынан 3 шақырым жерде орналасқан. Ұзындығы - 80, ені – 30 шақырымды қамтиды. Шілік қорғанының оңтүстігін Тарбағатай, шығысын Сауыр-Сайқан, солтүстігін Маңырақ таулары қоршап жатыр.

Шілікті жазығы сақтардың алғашқы мемлекетінің ордасы тігілген қасиетті мекен. Шілікті ерте сақтар заманындағы элитарлық ескерткіштердің бірегейі.

ШҚО-да «Шілікті» сапар орталығы салынады

Табиғаттың үйлесімді әсерінің және адамның ғасырлар бойы қызметінің салдарынан пайда болған тарихи-мәдени ландшафт аймақтың басты құндылығы болып табылады. Оның ең көп шоғырланған жерін Шілікті ескерткіштері деп атайды. Шілікті обасы б.з.б. VІІ-VІ ғасырға жатқызылады.

Шілікті қорымында барлығы 51 оба бар.


Өзгелердің жаңалығы