ШҚО-да шектеу шараларын бұзған 6 жағдай анықталды

20 Мамыр 2021, 07:43
1252
Бөлісу:
ШҚО-да шектеу шараларын бұзған 6 жағдай анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да облыстың бас санитар дәрігері бекіткен шектеу шараларын сақтау бойынша мониторингтік топтар рейд жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлады Алтайньюс.

18 мамыр күні мониторингтік топтар Семей қаласындағы 267 кәсіпкерлік нысанды рейдтік іс-шарамен қамтыды. Нәтижесінде, санитарлық талаптарды бұзған 4 жағдай анықталып, жалпы соммасы 43 755 теңге сомасына 1 хаттама толтырылды. Сондай-ақ жалпы соммасы 87 510 теңгені құрайтын 2 айыппұл өндірілді.

Ал Риддер қаласында 5 рейд өткізіліп, мониторингтік топ 78 нысанды аралады. Рейдтік іс-шаралар барысында құқық бұзушылықтар анықталған жоқ. Бұған дейінгі рейдтерде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша 43 755 теңге сомасына 1 айыппұл салды. Алтай ауданында 139 объектіде тексеру жүргізіліп, 2 бұзушылық анықталды. Глубокое ауданында 127 нысанға 18 рейд ұйымдастырылды, ал Зайсан ауданында 90 нысанға 11 рейд жүргізілді.

Өзгелердің жаңалығы