ШҚО-да шектеу шараларын бұзған 33 факті анықталды

26 Ақпан 2021, 06:23
1264
Бөлісу:
ШҚО-да шектеу шараларын бұзған 33 факті анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облысымызда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін, карантиндік талаптарды қатаң сақтау мақсатында мониторингтік топтар рейдтік іс-шараларды жалғастыруда, деп хабарлайды Алтайньюс.

24 күні облыс орталығында жүргізілген рейд барысында 381 нысан тексерілді. Оның ішінде ШҚО бас санитарлық дәрігердің белгіленген шектеу режимін бұзған 15 жағдай тіркелді.

Ал Семей қаласында 340 нысан тексеруден өтіп, 14 құқық бұзушылық (қоғамдық орындарда, сауда үйлерінде, базарлар мен қоғамдық көліктерде бетпердесіз жүрген) анықталды. Жалпы 350 040 теңге сомасына 8 хаттама толтырылып, 218 775 теңге сомасында 5 айыппұл өндірілді.

Риддер қаласында 5 рейд жұмысы жүргізіліп, мониторингтік топтар барлығы 75 нысанды аралаған. Аталмыш қаладан ешқандай құқық бұзушылық жағдайы анықталған жоқ.

Глубокое ауданында 149 объектіде 18 рейд жүргізілді. Оның ішінде маскалық режимді бұзған 3 жағдай анықталып, жалпы сомасы 131 265 теңге айыппұл салынды. Шемонаиха ауданында шектеу режимін бұзған 1 ғана жағдай тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы