ШҚО-да мыңға жуық адамды кене шақты

20 Мамыр 2021, 23:21
1438
Бөлісу:
ШҚО-да мыңға жуық адамды кене шақты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында мыңға жуық адамды кене шақты, деп хабарлайды Алтайньюс.

19 мамырдағы жағдай бойынша кене шаққан 995 адам медициналық көмекке жүгінді. Өткен жылы осындай уақытта 1630 адамды кене шаққан еді, – деп мәлімдеді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департаменті.

Мамандардың айтуынша, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Көкпекті, Ұлан, Шемонайха және Алтай аудандары, Риддер мен Өскемен қаласының айналасы кене энцефалитінің табиғи ошағы болып саналады.

Өткен жылы бұл елді мекендерде 21 кене энцефалиті тіркелген. Ал биыл, әзірше, ауру бірде-бір адамнан анықталмады, – деді дәрігерлер.

Өзгелердің жаңалығы