ШҚО-да медициналық туризмді дамытуға бағытталған кластер құрылады

26 Ақпан 2021, 11:10
1654
Бөлісу:
ШҚО-да медициналық туризмді дамытуға бағытталған кластер құрылады

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы үш жыл ішінде 5,5 мыңнан астам медицина қызметкері өз білімдерін шетелдердегі емханаларда жетілдіріп келген.

Облыста денсаулық сақтау саласын жаңғыртуға бағытталған жұмыстардың пандемияға қарамастан жалғасып жатқанын алға тартқан аймақ басшысы Даниал Ахметов, өңірдегі ақ халатты, абзал жандардың шетелдік клиникаларда білімдерін жалғастырып жатқанын хабарлады. Атап айтсақ, соңғы үш жыл ішінде аталмыш бағытта жалпы сомасы 3,4 млрд теңге бюджет қаражаты бөлініп, 5511 медицина қызметкері өз білімдерін шетелдердегі алдыңғы қатарлы емханаларда жетілдіріп келген. 

Былтыр әлемдік деңгейдегі бес шеберлік сағаты өткізіліп, облыс аумағында орналасқан Ядролық медицина орталығының, Алтай және Аягөз қалаларындағы инсульттік орталықтардың, «Ана мен бала» орталықтары жандарындағы оңалту бөлімшелерінің дәрігерлері оқытылды. Сонымен қатар сапалы босандыру және ана мен баланың денсаулығын сақтап қалуға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Ол үшін ауыл-аймақтағы үш медициналық ұйымның қызметін бірінші деңгейге, тоғыз аудандық және екі ауданаралық ауруханалардың қызметін біріншіден екінші деңгейге ауыстыру жоспарланды. Бұл өз кезегінде әйелдерді күрделі жағдайда босандыруға және салмағы 1500 грамнан төмен шақалақтарды күтіп-бағуға мүмкіндік жасайды, - деді Даниал Ахметов. 

Сонымен қатар, биыл 3,3 миллиард теңгеге ана мен бала денсаулығын сақтауға бағытталған медициналық құрал-жабдықтар сатып алынады. Бұдан бөлек, келесі жылы іске қосылуы көзделген гемотология орталығының құрылысы одан әрі жалғасады. Гемотология, ядролық медицина, роботты хирургия орталықтарының жұмыстары бірыңғайланып, қуаты жоғары медициналық кластер құрылады. Осылайша, өңірде медициналық туризмді дамытуға кезекті қадамдар жасалмақ. Сондай-ақ, Семейдегі жедел медицниналық жәрдем ауруханасының жұмысын халықаралық стандартқа сәйкестендіру мақсатында JCI аттестаттауы өткізіледі.

Өзгелердің жаңалығы