ШҚО-да дүкендерге жарты миллион теңге айыппұл салынды

7 Ақпан 2021, 01:54
1330
Бөлісу:
ШҚО-да дүкендерге жарты миллион теңге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да санитарлық нормаларды сақтамаған бірқатар дүкендерге жарты миллион теңге айыппұл салынды. Әкімшілік жауапкершілікке сауда нысандарында маскалық режимді бұзған келушілер де тартылып отыр.

Өскеменде 5 ақпан күні азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде 32 тәртіп бұзу фактілері тіркелді. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы - 437 550 теңге.

Семей қаласында сауда үйлерінде, базарлар мен қоғамдық көліктерде маскалық режимді бұзудың 13 жағдайы анықталды.

Риддерде 1 тәртіп бұзушылық анықталған. Бұрын тіркелген факті бойынша қоғамдық орында маскасыз жүрген тұрғынға 43 755 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Алтай ауданында сауда нысанында 1 ереже бұзу фактісі тіркелді. Жеке қорғаныс құралдарын дұрыс тақпау бойынша 8 айыппұл салынды.

Аягөз ауданында М.М. Қанағат және Ж.Б. Исабекова есімді екі тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрқайсына 43 755 теңге көлемінде айыппұл салынып отыр.

Бесқарағай ауданында маскалық режимді бұзу бойынша 1 жағдай тіркелді.

Глубокое ауданында маскалық режимді бұзған М.Я. Болысбаев пен Н.Е. Бондаренко есімді тұрғындарға 87 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Зайсан ауданында көпшілік шара өткізу фактісі анықталды.

Зайсан қаласындағы Жангелдин, 108 мекенжайындағы қоғамдық тамақтану орнында құдалық той ұйымдастырылған. Айыппұл – 115 АЕК.

Шемонаиха ауданында 1 тәртіп бұзушылық тіркелді. Шемонаиха қаласындағы Капорин көшесінде орналасқан «Продукты» дүкенінде медициналық маскасыз жүрген тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы