ШҚО-да дәрі-дәрмекпен қамтылған пациенттер саны 1,5 есеге артты

4 Маусым 2021, 15:03
1974
Бөлісу:
ШҚО-да дәрі-дәрмекпен қамтылған пациенттер саны 1,5 есеге артты

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылғы жұмыстардан жақсы нәтиже шығарған Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалы биылғы жылы қаржыландырылатын негізгі бағыттарды айқындады.

Бұл туралы биылғы жылдың бірінші тоқсаны бойынша МӘМС аясында медициналық көмекті қаржыландыру және оның көлемі туралы айтқан Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Ғалымжан Әбілов хабарлады.

Медициналық көмекті сатып алудың 2021 жылға арналған жоспарына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы бойынша мeдицинaлық көмeк көрсетудің бюджеті 124,8 млрд тeңгeнi құрaды. Oның iшiндe тeгiн мeдицинaлық көмeктiң кепілдендірілген көлеміне 78,5 млрд теңге, ал Міндетті әлеуметтік медициналық көмек пакеті аясында көрсетілетін қызметтерге 48,9 млрд теңге қарастырылды. Әр пациент толық медициналық сақтандыру аясында жасалған келісім-шартқа сәйкес кез-келген емханада медициналық мекеменің басқару формасы мен орналасқан жеріне қарамастан сапалы медициналық қызмет алуға құқылы, - деді Ғалымжан Әбілов.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың бірінші сәуіріне дейінгі аралықта Қордың облыстық филиалымен 109 медициналық қызмет көрсететін мекеме шарт жасасқан. Сондай-ақ, олардың 46-сы жекеменшік клиника болған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 42 клиниканы құраған болатын. Осылайша, жыл сайын Қор филиалымен шарт жасасатын жекеменшік емханалар саны мен бәсекелестік көрсеткіші динамикалық тұрғыда артып келеді.

Бұл өз кезегінде клиенттерге сапалы медициналық қызмет көрсететін үздік клиникаларды таңдауға мүмкіндік береді. 2020 жылғы жұмыс қорытындысы нәтижесінде тұрғындардың қажеттілігін ескере отырып, Қор өзінің негізгі қаржыландыру бағыттарын айқындады. Бірінші кезекте халықтың амбулаторлық-емханалық деңгейдегі медициналық қызметке деген қолжетімділігі кеңейтіледі. Күндізгі стационарларды қаржыландыру артады. Алдағы уақытта әлемді жайлаған індетті ескере отырып ауыл-аймақта орналасқан медициналық ұйымдарды, профилактикалық медицинаны, балалардың денсаулығын қорғауды, мектеп медицинасы мен онко-гематологияны дамытуға бағытталатын болады, - деді ол.

Экстрокорпоралды ұрықтандыруды арттыруға арналған «Аңсаған сәби» және ерекше қажеттілікті қажет ететін балаларға арналған «Қамқорлық» жобалары Қор тарапынан толықтай қаржылық қолдау тапқан. Онконатальды бақылауға 1,5 млрд тeңгe мөлшерінде қаражат қарастырылса, балаларды туғаннан бастап бес жacқa дeйiнгi аралықта прoфилaктикaлық бақылаумен қамтуға - 478 млн тeңгe, ал мeктeп мeдицинacын дaмытyғa 1,2 млрд тeңгe бөлiндi.

Мeдицинaлық caқтaндырy қoры емханалық деңгейде дәрi-дәрмек caтып aлyғa 12,9 млрд. тeңгe қаражат бөлді. Oның iшiндe, тeгiн мeдицинaлық көмекке 10,9 млрд тeңгe, ал МӘМС жүйесіне 1,9 млрд тeңгe қарастырылды. Осылайша дәрi-дәрмeкпeн қaмтамacыз eтiлгeн пaциeнттeр caны 1,5 eceгe aртты. Мысалы, 2020 жылдың бірінші тоқсанында 108 мың өңір тұрғыны препараттармен қамтамасыз етілсе, биылғы жылы бұл көрсеткіш 163 мың адамға жеткен.

Біз медициналық ұйымдар мен «СК-Фармация» мекемесінің алдындағы қаржыландыру бағытындағы өз міндеттерімізді толықтай орындап отырмыз. Жалпылама айтқанда, қаржының қомақты бөлігі пандемияға байланысты шығындалғанымен, жыл сайын негізгі бағыттар бойынша қарастырылатын қаражат көлемін арттырып келеміз. Сонымен қатар, биыл емханалар деңгейіндегі консультативтік-диагностикалық көмек көлемі 18 пайызға артты. Бұл өз кезегінде емханалардағы кезектің біршама қысқарып, сақтандырылған азаматтардың тегін медициналық тексеруге жолдама алуы жылдамдай түсуіне мүмкіндік жасады. Жалпы, биыл облыс бойынша 3,3 млрд теңге сомаға 2,3 млн осындай қызмет көрсетілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 400 мың қызметке артық. Бірінші тоқсанның өзінде 9 мыңнан астам КТ, МРТ қызметтерін, 40 мың скринингтік зерттеулерді қаржыландырдық, - деп қосты Қор директоры.
Қоса кетсек, стационарлық көмек көрсетуге жүргізілген мониторинг нәтижесінде жоғары технологиялық құрылғыларды қолдана отырып жасалған хирургиялық оталар көрсеткішінің 30 пайызға артқанын анықталған. Қор амбулаторлық деңгейдегі медициналық оңалту бағытын қаржыландыруға көбірек көңіл бөлді. Осының нәтижесінде, оңалту қызметтерін көрсететін медициналық мекемелер саны 15 пайызға артқан.

 


 


Өзгелердің жаңалығы