ШҚО-да боранда жолда қалған отбасы құтқарылды

17 Желтоқсан 2020, 16:25
1534
Бөлісу:
ШҚО-да боранда жолда қалған отбасы құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы тасжолда көлігі сынып, боранда қалып қойған 2 кішкентай баласы бар отбасы құтқарылды, деп хабарлады ШҚО ТЖ департаменті. 

Түнде Ақсуат-Ақжар тасжолында отбасы көлігі сынып, боранда қалып қойған. Отбасында 4 адам болған, оның екеуі бала.

Жолдағы жағдай кешке күрделене түсті. Себебі жолдан ешқандай көлік өтпеген. Көліктегі адамдар құтқарушыларға хабарласқан. Осылайша, Тарбағатай ауданындағы мамандар оларға көмектесу үшін жолға шықты, - делінген ШҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламасында.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар отбасын жақын маңдағы кафеге жеткізіп, көлікті қардан шығаруға көмектескен.

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД қызметкерлері өңірдегі жолдардың бойында жалпы 56 жылыту пункті барын атап өтті. Онда жүргізушілер жылынып, шай ішіп, тиісті көмекті алуға мүмкіндік жасалған


Өзгелердің жаңалығы