Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. 14 маусымда еліміздегі ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер арасында кеңінен танымал «Бизнес Бастау» жобасының үшінші кезегіне құжаттар қабылдана бастайды.
Облыстық Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Айгүл Шәкірованың айтуынша, «Нәтижелі жұмыcпeн қaмтy жәнe жaппaй кәciпкeрлiктi дaмытyдың 2017-2021 жылдaрғa aрнaлғaн «Eңбeк» бaғдaрлaмacының екінші бағыты бойынша облыстық филиалдың жұмыс істеп жатқанына бес жылдың көлемі болған екен.
Бағдарлама бойынша оқыту Atameken Academy платформасында қашықтықтан жүргізіліп, 21 күнге созылады.
Облыстық Кәсіпкерлер палатасы «Бастау Бизнес» қатысушыларына олардың бизнес-идеяларын шынайы бағалап, аяғына қаз тұрып кетуіне барлық жағдайды жасайды. Дегенмен, олар өз бизнесін ашып, ары қарай дамыту үшін кәсіпкерліктің базалық білімін алулары қажет. Өз мүмкіндіктерін есептеп, болуы мүмкін қатерлердің алдын алуға, тұтыну нарығын болжауға дайын болуы керек. Біздің тәжірибелі бизнес-тренерлеріміз қатысушыларға білім беріп, сапалы бизнес-жоспар құруларына көмектеседі. Сондай-ақ, курс түлектерінің стартап жобаларын бір жылға дейін қолдап отырады, - деді Айгүл Шәкірова.Курсқа қатысу үшін азаматтар Жұмыспен қамту орталығына жүгініп, құжаттарын тапсырады. Егер ол белгілі бір санатқа жататын болса, оған оқуға жолдама беріледі. Оқуларын аяқтаған соң олар «Еңбек» немесе «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2025» бағдарламалары бойынша гранттық қаржы, я болмаса жеңілдетілген несие алу конкурстарына қатыса алады.