ШҚО-да биыл ЭКО жасатуға 500 квота бөлінген

13 Мамыр 2021, 23:14
1371
Бөлісу:
ШҚО-да биыл ЭКО жасатуға 500 квота бөлінген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, облыста ЭКҰ арқылы бала туу саны 2016 жылы – 81, 2017 жылы – 71, 2018 жылы – 79, 2019 жылы – 89, 2020 жылы – 101, 2021 жылдың  сәуір айында – 28-ді  құраған, деп хабарлайды Алтайньюс.

Облыс бойынша  2019 жылы ЭКҰ рәсіміне 66 квота, 2020 жылы - 80 квотв, ал  2021 жылы «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 500 квота бөлінген. 

ЭКҰ бағдарламасы бойынша жұмыс «Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-272/2020 бұйрығына сәйкес қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттарына сәйкес жүргізіледі, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы. 

Қазақстанда 2010 жылдан бастап экстракорпоралдық ұрықтандыруға квота бөлінеді. Осы уақытқа дейін жеті мыңға жуық ЭКО жасалған, нәтижесінде 3 000 бала туылды. 2019 жылы 902 квота, 2020 жылы 1105 квота бөлінген. 2021 жылы  7 000 квота беріледі. Қазақстанда ЭКО жасайтын 26 клиника бар, оның 21-і жекеменшік. 

Пациенттер тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жүгініп, бедеуліктің себебін анықтау үшін акушер-гинекологтың немесе уролог-андрологтың кеңесінен алуы керек. Қажетті тексеруден өтіп, қорытындысын алып,  қосалқы репродуктивтік технологияларды көрсету үшін бедеулікке шалдыққан пациенттерді іріктеу және жіберу мониторингі жөніндегі өңірлік комиссиядан өтуі қажет, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрланғазы Ибраев. 

Өзгелердің жаңалығы