ШҚО-да бір тәулікте 20 мас жүргізуші анықталды

23 Сәуір 2021, 04:22
1204
Бөлісу:
ШҚО-да бір тәулікте 20 мас жүргізуші анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның бірінші күні облыс аумағында 1 854 жол қозғалысы ережелерін бұзушылығы анықталды, оның ішінде қоғамдық көлік жүргізушілерімен 19 құқық бұзушылыққа жол берілген. Мас күйінде көлік басқарған 20 жүргізуші ұсталды, сондай-ақ қарсы жолға шыққаны үшін 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тағы 99 жүргізуші жылдамдықтан асып, 95-і маневр ережелерін бұзған.

Сонымен қатар, 250 жүргізуші қауіпсіздік белдіктерімен бекітілмеген, ал 180-нен астам адам телефонмен сөйлесіп, тағы 14 автомобиль жолдарда апаттық жағдай туғызды.

21 сәуірде Көкпекті ауданының жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері Преображенка ауылында «ВАЗ» автокөлігін тоқтатты. Көлік жүргізушісінде алкогольдік масаңдық белгілері болған.

Медициналық куәландыру 57 жастағы ер адам қатты мас күйінде екендігін көрсетті. Жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырылды.

Сондай-ақ Зайсан АІІБ патрульдік полиция тобының инспекторлары Volkswagen автокөлігін тоқтатқан кезде жүргізушіден алкогольдік масаңдық белгілері байқалған. Медициналық куәландыруға жеткізілгеннен кейін, тәртіп сақшыларының қауіптері расталды. Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлік айыппұл тұрағына қамалды.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында жүргізуші куәлігі жоқ тағы 23 жүргізуші анықталды. 345 жаяу жүргінші жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нұриев.

Бұдан басқа, көлік құралдарынан 36 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері алынып, мамандандырылған тұраққа 56 бірлік көлік орналастырылды, оларды пайдалануға тыйым салынды.


Өзгелердің жаңалығы