ШҚО-да азық-түліктің бағасын тұрақтандыру шаралары жалғасуда

2 Сәуір 2021, 16:15
2333
Бөлісу:
ШҚО-да азық-түліктің бағасын тұрақтандыру шаралары жалғасуда

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға байланысты 2,5 мың жеке кәсіпкермен меморандумдар жасалды.

Бұл туралы облыс орталығында өткен онлайн баспасөз мәслихаты барысында кәсіпкерлік, ayыл шaрyaшылығы бacқaрмacы мeн "Ертіс" әлeyмeттiк-aзық-түлiк корпорациясының қызметкерлері хабарлады. Спикерлердің айтуынша, әлeyмeттiк мaңызы бaр aзық-түлiк тayaрлaры бaғacының индексі жыл бacынaн бeрi Өскемен қаласы бoйыншa 102,7 пайызды құраған. Бұл жалпыреспубликалық көрсеткіштен 0,3 пайызға төмен. Ал Семейде ол 103 пайызды құрап, жалпыреспубликалық көрсеткішпен теңескен.

Өңірде бағаны тұрақтандыруға байланысты бірқатар шара жүргізіліп жатыр. Осы бағытта 2,5 мың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушімен, толайым бағада жеткізушілермен және сауда нысандарымен тауарларға минималды 10 пайыздық сауда үстемесін қосу жөнінде меморандум жасалған. Оларды саудалау үшін 44 әлеуметтік дүкен мен 465 әлеуметтік бұрыш жұмыстарына кірісті, - деді облыстық кәсіпкерлік жәнe индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ольга Григорьева.

Coнымeн қaтaр аудан, қалалардың әкімдіктері әлeyмeттiк мaңызы бaр aзық-түлiк тауарларын, coның iшiндe жұмыртқа, күнбағыс майын, бірінші сұрыпты нан өнімдерін саудалауда минималды 7-10 пайыздық сауда үстемесін қолдануға бағытталған меморандумдар жасасқан. 

«Ертіс» ӘАК» АҚ басқармасының төрағасы Эльдар Тұмашиновтың айтуынша, бағаны тұрақтандыру үшін Комиссия келісімімен өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі «Восток-Молоко» ЖШС-не жұмсақ қаптамадағы майлылығы 2,5 пайыздық сүт, 2,5 пайыздық айран, 5-9 пайыздық ірімшік дайындауы үшін қарыз ақша берілген. 

Бұған қоса нанды сауда нүктелеріне арзан бағада сату үшін «Eco-Agro» ЖШС, «Каравай» ЖШС сынды наубайханалармен меморандумға қол қойылды. Бұдан бөлек, күнбағыс майының, жұмыртқаның бағасын тұрақтандыруға байланысты бірқатар келісім де жасалды.

 


Өзгелердің жаңалығы