ШҚО-да ауыл шаруашылығы жерлерінің қолданылуы алыстан бақыланады

14 Маусым 2021, 10:50
3943
Бөлісу:
ШҚО-да ауыл шаруашылығы жерлерінің қолданылуы алыстан бақыланады

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы екі жыл көлемінде өңірде пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері ғарыштан бақыланып отыр.

Ауыл шаруашылығы жерлерін бақылау функциясы берілген уақыттан бері біздің басқарма олардың орындалуына қатысты әкімдіктердің жұмыстарын мониторингтап, талдау жүргізіп отырады. Осылайша, 2018 жылдан бергі уақыт аралығында облысымыздың 14 аудан, қаласының әкімдігі жалпы аумағы 150 мың гектарды құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы 420 жер теліміне 188 тексеру жүргізді. Нәтижесінде 81 мың гектарында түрлі бұзушылықтар анықталған. 64 мың гектар жер пайдаға жаратылмай жатса, 17 мың гектары ұтымсыз пайдаланылған, - деді облыстық жердің қолданылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Сейсенғазы Чукаев.

2020 жылы шағын және орта бизнес нысандарын тексеруге орай енгізілген үш жылдық мониторингке байланысты ауыл шаруашылығы құрылымдарының көпшілігіне тексеру жүргізуге тыйым салынған болатын. Дегенмен, жер қатынастары бойынша жұмыс жүргізетін органдар «Qoldau» цифрлық жүйесімен жерді алыстан зондтау арқылы ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің қолданылуына қатысты бақылау жұмыстарын тоқтатқан емес.

Веб-порталда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша олардың егіс алқаптары мен жайылымдық жерлер мақсатында қолданылуына, соңғы екі жыл көлеміндегі себу жұмыстарының жүргізілуіне, жайылымдардағы мал санына қатысты талдаулар жүргізіліп отырады, - деп қосты Сейсенғазы Чукаев.

Мониторинг қортытындысы бойынша веб-порталда қолданылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері туралы ақпарат пайда болып, жергілікті атқарушы органдар жер пайдаланушыға жазбаша ескерту жолдайды.

Өзгелердің жаңалығы