Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Бүгін сағат 19:40-тан бастап көктайғақ және жолдағы қауіпке байланысты «Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының келесі учаскелерінде тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері, сондай-ақ жолаушы таситын көліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Атап айтқанда:
15 -102 шақырымдағы учаскеде (Глубокое бұрылысынан – Шемонаиха кентіне дейін);
105 -123 шақырымдағы учаскеде (Шемонаиха кенті – РФ шекарасы).
Оқи отырыңыз: