ШҚО-да ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Шығыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.</h4>

 15 Қараша 2021 2021, 21:05
15 Қараша 2021 2021, 21:05
1159

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгін сағат 19:40-тан бастап көктайғақ және жолдағы қауіпке байланысты «Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының келесі учаскелерінде тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері, сондай-ақ жолаушы таситын көліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Атап айтқанда: 

15 -102 шақырымдағы учаскеде (Глубокое бұрылысынан – Шемонаиха кентіне дейін); 

105 -123 шақырымдағы учаскеде (Шемонаиха кенті – РФ шекарасы).

Наверх