ШҚО-да 8653 адамға вакцина салынды

1 Сәуір 2021, 23:20
1657
Бөлісу:
ШҚО-да 8653 адамға вакцина салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 сәуірдегі жағдай бойынша, Шығыс Қазақстан облысында 8653 адам коронавирусқа қарсы вакцина алып үлгерген, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Облыс көлемінде екпе алғандар арасында ең көбі – медицина қызметкерлері. Нақтырақ айтқанда, 7282 медицина қызметкері ерікті түрде вакцина алған.

Вакцинацияның бірінші компонентін – 14 мемлекеттік қызметкер, созылмалы ауруы бар 157 адам, 403 педагог, 410 құқық қорғау органдарының қызметкерлері, 107 учаскелік полицей мен медициналық, әлеуметтік және жабық балалар мекемелерінің қызметкерлері мен контингентінен 88 адам алды, - дейді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы