ШҚО-да 77 ауыл әкімін сайлау үшін, 221 учаске ашылды

25 Шілде 2021, 11:35
2226
Бөлісу:
ШҚО-да 77 ауыл әкімін сайлау үшін, 221 учаске ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыл әкімдерін сайлауға қатысу жоғары деңгейде болады деп күтілуде. Өйткені ауыл әкімдерінің сайлауы елімізде алғаш рет өткізіліп отыр.

Еске салайық, дауыс беру сағат таңғы 07.00-де басталды. Шығыс Қазақстанда бүгінде 77 ауыл әкімін сайлау үшін, 221 сайлау учаскесі ашылды.

ШҚО-да 77 ауыл әкімін сайлау үшін, 221 учаске ашылды

Алғашқы сайлаушылар сайлау учаскелерінде болып, лайықты кандидаттарға дауыс берді. Олардың кейбіреулері сайлау күнінің маңыздылығы туралы ойларымен бөлісті.

Бүгін бәріміз үшін өте маңызды күн, біз ауыл басшысын таңдаймыз. Бұл біздің Выдриха ауылының тыныс-тіршілігіне жауап беретін, ауылда туындайтын барлық мәселені, соның ішінде сумен жабдықтау, су тасқынына қарсы күрес және тағы басқа маңызды мәселелерді шешетін адам. Болашақ әкім көп нәрсені жүзеге асыруы керек, ол үшін оның командасы, соның ішінде ауылдың барлық тұрғыны көмектесетін болады. Егер барлық тұрғын өз учаскелерін тәртіппен ұстайтын болса, бұл да біздің ауылдың көркеюі және жайлы болуы үшін көмек болмақ. Менің ойымша, бүгін біз лайықты адамды таңдаймыз, онымен бірге біздің ауылдың игілігі үшін төрт жыл бірге тұрып, еңбек етеміз, – деді Шемонаиха ауданы Выдриха ауылының тұрғыны Александр Белкин.
Үржар ауданы Мақаншы ауылының тұрғыны Жұмағазы Жақанбаев ауыл әкімдерін сайлау – еліміздің алға үлкен қадам жасауына мүмкіндік беретін маңызды оқиға екенін атап өтті.

ШҚО-да 77 ауыл әкімін сайлау үшін, 221 учаске ашылды

Бүкіл Қазақстан үшін бұл ерекше күн. Халық бүгінде болашақ әкімге үлкен үміт артып отыр, ол кейін ауылдың өркендеуі үшін еңбек етеді. Сайлау халыққа үлкен пайда әкеледі деп ойлаймын. Мен өз таңдауымды жасадым, - деді Мақаншы ауылының тұрғыны.
«100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Серікжан Қажытай сайлау учаскесіне келіп, Үржар ауылдық округінің болашақ әкіміне дауыс берді.
Сайлау жақсы өтуде. Сайлаушылар жоғары белсенділік танытады. Барлық санитарлық шара сақталады. Барлық жерлесімді жарқын болашақ үшін өз таңдауларын жасауға шақырамын, - деді ол.
Бесқарағай ауданы Стеклянка ауылының сайлау учаскелерінің бірінде бірінші болып дауыс берген Құрманбек Бекеев болды. Ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл әкімдерін сайлау өткізу туралы бастамасы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне қатысты адамдардың дүниетанымын түбегейлі өзгертетінін атап өтті.

Ауыл тұрғындары енді барлық қойылған міндетті сапалы орындайтын әкімді өз бетінше таңдай алады. Мен өз таңдауымды жасадым, - деді Құрманбек Бекеев.

Өзгелердің жаңалығы