Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай ШҚО Жарма ауданы Қалбатау ауылында және Ұлан ауданында көпбалалы отбасылар баспаналы болды.
Екі ауданда да пайдалануға берілген баспаналар облыстық «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында берілді.
Қалбатау ауданында 10 отбасы жаңа қонысқа ие болды. Екі пәтерлі 5 тұрғын үй берілді.
Мерекеге орай пәтер иелеріне тұрғын үй кілттерін Жарма ауданының әкімі Ахметқали Нұрғожин табыс етті.
Мемлекет басшысының салиқалы саясаты ауданымызда табысты жүзеге асып отыр. Жалпы аумағы 85 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйде барлық жағдай жасалған. Тіпті қосалқы шаруашылықтарын дамыту үшін қосымша жер телімі де қарастырылған, - дейді аудан басшысы.
Ал Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кенті мен Бозанбай ауылдарында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 12 отбасына жаңа баспананың кілттері табысталды. Жоба "Қолжетімді баспана" бағдарламасы аясында жүзеге асырылған.
Өткен жылы Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік күні қарсаңында осындай 8 үй пайдалануға беріліп, 16 көпбалалы отбасы жаңа тұрғын үй алған еді.