ШҚО әкімі металлургтерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

18 Шілде 2021, 13:17
2323
Бөлісу:
ШҚО әкімі металлургтерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Даниал Ахметов металлургия өнеркәсібінің қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, жеп хабарлады Алтайньюс.

Металлургия өнеркәсібінде ел экономикасын еселеуге үлес қосып келе жатқан сала қызметкерлерінің нәтижелі еңбектерінің арқасында Шығыс Қазақстан облысында қуатты өндіріс орындары мен отандық индустрияның озық кешендері құрылды. Олар еліміздегі өнеркәсіп пен инфрақұрылымның дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді, - деп жазды облыс басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.⠀

Тау-кен ісі мен металлургия – біздің облыс экономикасының негізі екені баршамызға мәлім. 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Индустриаландыру бағдарламасын біздің облысымыздан бастауы бекер емес. Ал, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев біздің аймақты Қазақстанның индустриялық мақтанышы деп атады. Бұл Сіздердің жемісті еңбектеріңіздің нәтижесі, - дейді ШҚО әкімі.

Өзгелердің жаңалығы