Шиповских: Президенттің бірлікті сақтауға шақыруы, мемлекет дамуының негізгі алғышарты

Сенатор Геннадий Шиповских ұлттық мереке – Республика күні қарсаңындағы шарада ел Президентінің сөйлеген сөзіне тоқталып, ондағы негізгі басымдықтар туралы айтты.

 BAQ.KZ  - архив 24 Қазан 2023 2023, 18:27
24 Қазан 2023 2023, 18:27
1062
Фото: - архив

Сенатор Геннадий Шиповских ұлттық мереке – Республика күні қарсаңындағы шарада ел Президентінің сөйлеген сөзіне тоқталып, ондағы негізгі басымдықтар туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенатордың пікірінше Президенттің татулық берлік бірлікті сақтауға шақыруы – мемлекет дамуының негізгі алғышарты.

Осы сөздерге мән аударсаңыз мағынасы өте терең. Дәл қазіргі кезде, оңай емес геосаяси замандағы атқарып келе жатқан сыртқы саясатымыз, еліміздің ішкі мызғымас бірлігі және келісімі - Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарын дәріптеу және сақтау тетіктері. Осының барлығы шын мәнінде мемлекетіміздің даму жолындағы басты алгоритмі және формуласы десек артық болмас, - деді сенатор.

Наверх