1 ғасыр бұрын Бермуд үшбұрышында жоғалып кеткен кеме табылды

31 Қаңтар 2020, 05:19
8097
Бөлісу:
1 ғасыр бұрын Бермуд үшбұрышында жоғалып кеткен кеме табылды

Алматы, BAQ.KZ. Теңіз археологтары командасы осыдан 100 жыл бұрын жоғалып кеткен кемені Бермуд үшбұрышынан тауып алды. 

Бұл туралы Fox News телеарнасы хабарлады.

SS Cotopaxi сауда кемесі 1925 жылы жоғалып кеткен. 29 қараша күні ол Американың Оңтүстік Каролин штатындағы Чарльстон портынан шығып, Кубаға бағыт алған. Алайда, біраз уақыт өткенде бүкіл экипаж мүшелерімен бірге жоғалып кеткен, - делінген хабарламада.

Science Channel телеарнасы түсірген "Кемелердің бату құпиясы" телесериалының бірінші бөлімі осы апатқа арналған. Мамандар кеменің сақтандыру агенттерінің жазба хабараламаларын зерттеу арқылы SS Cotopaxi кемесі 1925 жылдың 1 желтоқсанында апатқа ұшырағаны туралы белгі жібергенін анықтаған.

2018 жылдың тамыз айында аутгемптон университетінің зерттеушілері Бермуд үшбұрышында кемелердің жоғалып кету құпиясын ашқан. Ғалымдардың пайымдауынша, 100 футтық мұхит толқындары кемелердің суға батып кетуіне себеп болған. Мұндай алапат толқындар жан-жақтан соғатын көрінеді, оған тіпті ең үлкен деген кеменің өзі қарсы тұра аламайды.

Өзгелердің жаңалығы