Шілде айында 156,8 мың автокөлік есепке қойылды

16 Қыркүйек 2024, 20:14
286
Бөлісу:
Шілде айында 156,8 мың автокөлік есепке қойылды
Фото: BAQ.KZ -архив

2024 жылғы шілдеде есепке 156,8 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,4% кем, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық статистикасына сілтеме жасап.

Осылайша, 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 545,2 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар.

Тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санында шығарылған жылы бойынша 20 жылдан асқандар үлесі – 44,2%, 10-20 жыл арасында – 23,5%, 7-10 жыл болғандар – 12,3%, 3 жылдан асқан бірақ 7 жылдан кемдер – 13,6% және шыққан жылы 3 жылдан төмен көліктер үлесі – 6,2%. Шығарылған жылы 20 жылдан асқан жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында – 324,9 мың бірлік, Алматы қаласында – 189,6 мың бірлік, Жамбыл облысында – 169,4 мың бірлік, Қарағанды облысында – 162,7 мың бірлік және Шығыс Қазақстан облысында – 153,8 мың бірлік.

Пайдаланатын отын түрі бойынша көліктің 81,9% бензинмен, 7,5% – аралас отынмен жүреді, дизель отынымен қозғалатындар үлесі – 7,1%, газ баллонымен жүретін автомобильдің үлесі 0,2% құрады, тағы 0,2% көлік электр қуаты есебінен қозғалады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тоқ күшінің көмегімен қозғалатын жеңіл автомобильдер саны 2,3 есе – 4 670-тен 10 674 бірлікке дейін өскен. Электромобильдердің ең көп саны Алматы қаласында – 6275 бірлік, Астана қаласында – 1351 бірлік және Алматы облысында – 522 бірлік.

Өзгелердің жаңалығы