Шиелі ауданында тігін фабрикасы іске қосылды

30 Маусым 2023, 18:10
1892
Бөлісу:
Шиелі ауданында тігін фабрикасы іске қосылды
Фото: автордан

Соңғы жылдары Қызылорда облысында кәсіпкерлік саласының дамуы күш алып келеді, деп хабарлайды Қызылорда облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Осы күнге дейін ерекше ден қойылып келген бөлшек тауар айналымы өз алдына, өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасымен ендігі өндіріс-өнеркәсіпке қарай бет бұруда. Отандық өнім сапасын арттырып, бәсекелестікті ширатуға бағытталғна тірлік нәтиже беріп, жақында Шиелі ауданында кеңейтілген жаңа тігін фабрикасы іске қосылды.

«Ай-Мар» деген атау берілген тігін фабрикасының орталығы Қызылорда қаласында орналасқан «Далатекс» тігін фабрикасы екені белгілі. Кәсіпорын бірнеше бағытта қызмет көрсетіп, көп ұзамай 60 адамды жұмыспен қамтымақ. Жалпы аумағы мың шаршы метрді алып жатқан кәсіпорын кәсіби киім-кешек тігуге машықтанған.

Өнеркәсіп саласына біраз жыл бұрын ден қойған жеке кәсіпкер Дилмухамед Абизов – салада толымды тәжірибесі бар басшы. Тігін фабрикасының қыр-сырын меңгеріп, өз қаражаты есебінен «Ай-Мар»-ды ашып, қазіргі таңда 30-дан астам Шиелі тұрғынын жұмыспен қамтып отыр. Жеңіл өнеркәсіп нысаны әмбебап және бірнеше бағытта жұмыс жасайды.

Фабриканың өнімділігі бір күнде 400 көйлек, 300 арнайы киім өңдеуге жетеді. Цехты ашудағы ең басты мақсат – облысымызғаа басқа өңірлерден, сырттан келетін киім-кешек тауарларға деген тәуелділікті азайтып, өңірлік өнімнің үлесін арттыру екені жасырын емес. Және бұл мақсатқа жетуге жергілікті тұрғындарды тартамыз. Сәйкесінше, жұмыссыздық деңгейін төмендетуді де көздейміз. Нарықта отандық өнім арасында бәсекелестікті арттыру және өзара тауар айналымын жақсарту. Болашақта одан бөлек тағы 30 жұмыс орнын ашып, ересектер мен балаларға арналған киімдер тігуді жоспарлап отырмыз, – дейді Дилмухамед Абизов.

Мұндағы әрбір тігіншінің алдында заманауи үлгідегі тігін машинасы бар. Ескілері жыл сайын жаңартылып отырады. Қол күшін қажет етпесе де мұндағы шеберлерге жүктелген міндеттің жүгі ауыр. Өндірістің технологиялық процесі мен ассортиментіне байланысты бір ауысымда 500 дана өнім шығаруға қауқарлы.

Фабрикада қызметкерлері тіккен киімдер Қазақстаннның түкпір-түкпіріне жол тартуда. Жалақылары да жаман емес.

Тігін фабрикасында 30 адам жұмыс істейтіні айтылды. Олардың барлығы жан-жақты деп толық айта аламын. Өйткені мұнда қызметкерлер бірін-бірі алмастыра алатын әрі тігінге қатысты кез келген істі сапалы жасау керек деген талап бар. Қазіргі таңда арнайы көйлектер, формалар тігіп бастап кеттік. Таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін тапсырыстың жоспарлы бөлігін орындау үшін тер төгеміз. Мұндағы ең төменгі жалақы 90 мыңнан басталады. Шеберхананың техникалық базасы да жақсы. Уақыт өткен сайын тігін машиналары жаңартылып отыратынын да айта кету керек. Фабриканың ашылғанына көп уақыт өтпесе де, мемлекеттік сатып алу, жеке тапсырыс бойынша қазірдің өзінде үлгере алмай жатырмыз. Бұл қуантарлық жағдай. Өнеркәсіпке деген сұраныс бұдан әрі қарқын алса, шиелелік жұмыссыз жүрген басқа да жерлестерімізге қатарымыздан орын табылады деген үмітіміз бар, – дейді Шиелідегі тігін фабрикасы басшысының орынбасары Ерлан Бекенов.

Өзгелердің жаңалығы