Шетелге заңсыз шығарылған қаражат Отанымызға қайтарыла ма?

17 Ақпан 2022, 21:50
1356
Бөлісу:
Шетелге заңсыз шығарылған қаражат Отанымызға қайтарыла ма?
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасына берген сұхбатында жауап берді.   

Бұған дейін Президент  шетелге заңсыз шығарылған қаражатты Отанымызға қайта әкелу қажеттігі туралы тапсырма бергені белгілі. Мемлекет басшысы өз сұхбатында осы мәселеге қатысты пікірін ортаға салды.

Мен Үкіметке тиісті тапсырма бердім. Бұл мәселе бойынша Үкімет екі айдан кейін маған нақты ұсыныстарын айтады. Содан кейін жұмыс басталады. Аталған мәселе бойынша ауқымды сараптама жасау керек. Онсыз болмайды. Содан кейін шетелдегі тиісті мекемелермен келіссөздер жүргізуге кірісеміз. Бұл өте күрделі әрі ұзақ уақытқа созылатын жұмыс болатын сияқты. Оны ашық айтқан жөн. Бірақ әділдікке жету үшін осы жұмысты бастау керек. Шетелге заңсыз шығарылған қаражатты елге қайтаруға тиіспіз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Өзгелердің жаңалығы