Шетелдегі қандастарымызға арналған «Отанға барар жол» байқауы жарияланды

29 Маусым 2021, 16:58
1722
Бөлісу:
Шетелдегі қандастарымызға арналған «Отанға барар жол» байқауы жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Халықаралық білім беру корпорациясының ректоры Маргарита Имандосова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Оның айтуынша, оқу орны шетелдегі қандас талапкерлерге арналған байқау жариялап, олардың тарихи отандарында білім алуларына мүмкіндік бермек.

Біздің оқу орнымыз 2007 жылы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздегі білім беру саласынның сапасын көтеру және университеттер әлеуетін арттыру бағытында жүргізген саясатының нәтижесінде пайда болды. Халықаралық білім беру корпорациясы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы және Қазақ-Америка университеті негізінде құрылды. Қазіргі күні Халықаралық білім беру корпорациясының құрамына екі колледж - Сәулет және Құрылыс колледжі мен Алматы байланыс колледжі, екі мектеп - ҚазБСҚА жанындағы лицей және ҚАУ жанындағы ЮНЕСКО қауымдастырылған мектеп кіреді, - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, жоғары оқу орны түлектерін жұмысқа орналастыру көрсеткіші 97%-ды құрайды. 2021 жылдың басында «Атамекен» ҰКП жоғары оқу орындары арасында рейтинг өткізіп, нәтижесінде ХБК еліміздің үздік 10 жоғары оқу орнының қатарына енді.

40 жылдан астам тарихы бар Халықаралық білім беру корпорациясы қоғам мен білім беру саласы алдындағы өз борышын әрқашан жауапкершіліктпен атқарады. Бүгінгі күні Халықаралық білім беру корпорациясы әлеуметтік жауапкершіліктің жаңа деңгейіне көтеріліп, қоғамның дамуына әсер ететін әлеуметтік жаңа жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруда.

ХБК «Da Vinci Code», «American Education Challenge», «KAU Challenge», «Connecting Challenge» сияқты республикалық олимпиадалардың нәтижелері бойынша, мектеп пен колледждердің ең дарынды түлектері үшін 100-ден астам ішкі грант бөліп отыр. Екі және одан да көп баласы бар отбасылар, ХБК білім беру ұйымдарында оқитын білімгерлер үшін арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Осы жылы біз «Отанға барар жол» байқауын ұйымдастыруға шешім қабылдадық, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы