ІІМ Тоқаевтың шетелдіктерді тіркеуді алып тастау тапсырмасын қалай орындайтынын айтты

29 Қазан 2019, 18:37
1919
Бөлісу:
ІІМ Тоқаевтың шетелдіктерді тіркеуді алып тастау тапсырмасын қалай орындайтынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев шетелдіктерді тіркеуді алып тастау туралы президент бастамасына қатысты пікір білдірді.

"Бүгін президент ұсынысы түсті. Бұл мәселені білеміз және оны шешу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Жақын арада ақпараттық жүйелерде интегралдауды талап етеді. Ең алдымен шекараға жауап беретін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жүйесін, біздің ақпараттық жүйелерді біріктіру қажет. Бұл нормативтік-құқықтық актілерде өзгертілулер мен толықтыруларды қажет етеді", - деді Қожаев Үкімет кулуарында. 

Оның сөзінше, бұл мәселе 2019 жылыдң соңына дейін шешіледі. 

Айта кестек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын дамыту мәселесі жөніндегі жиында көші-қон полициясы органдарында шетелдіктерді міндетті тіркеуді алып тастауды тапсырған болатын. 

"Міндетті тіркеу шетелдік қонақтарға қолайсыздық тудырып қана қоймай, сыбайлас жемқорлық көзіне айналған. Елді, ірі қалалардың туристік, инвестициялық тартымдылығын арттырамыз десек қысқа уақыттың ішінде көші-қон полициясы органдарында шетелдіктерді міндетті тіркеуі алып тастауымыз керек", - деген болатын Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы