Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев туристерден қомақты ақша талап ететін такси жүргізушілері туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Иә, расымен де ондай жағдайлар болып тұрады. Бұл жалғыз оқиға емес, күн сайын полициямен немесе таксистермен байланысты түрлі жағдайлар болады. Адамдарды алдап, тонау тек Қазақстанда емес, туризмі дамыған барлық елдерде кездеседі. Өкінішке қарай мұндай жағдайлар жиі болып тұрады, – деді вице-министр үкіметте өткен брифингте.
Еркінбаевтың сөзінше, министрлік полицейлер, шекарашылар мен кеден қызметкерлерінің қатысуымен арнайы жиналыс өткізуді жоспарлап отыр.
Келесі аптада біз осындай жиналыс өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл мәселелерді сол жиында көтеруді көздеп отырмыз. Біздің елде жүрген туристер мен полицейлер арасындағы өзара әрекетке қатысты арнайы жоспарларымыз бар, – деді вице-министр.
Бұған дейін 2024 жылы елімізге 10,4 миллион шетелдік турист келгенімен, олардың 9 миллионы тіркелмегені туралы жазған болатынбыз.