Шетелдіктен көп ақы талап еткен астаналық жүргізушісі айыппұл арқалады

25 Қараша 2023, 21:05
548
Бөлісу:
Шетелдіктен көп ақы талап еткен астаналық жүргізушісі айыппұл арқалады

Астанада такси жүргізуші әуежайдан қонақ үйге жеткізгені үшін шетелдіктен 45 мың теңге алған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

22 қарашада 102 арнасына "Дипломат" қонақ үйінің әкімшісінен хабарлама келіп түсті. Ол такси жүргізуші Үндістан азаматынан Астана әуежайынан қонақ үйге жеткізгені үшін 45 000 теңге алғанын айтты, - дейді ведомство.

Полиция департаментінің қызметкерлері шетелдікті алдаған таксопарктердің бірінің жүргізушісін ұстады. Ол өз кінәсін мойындап, залалды толық көлемде өтеген.

Құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 190-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ таксопарктің атына осындай құқық бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы