Шетелдік "симкартаны" пайдаланып халықты алдайтындар азаяды

22 Сәуір 2024, 15:25
242
Бөлісу:
Шетелдік "симкартаны" пайдаланып халықты алдайтындар азаяды
Фото: BAQ.KZ - архив

Енді алаяқтар шетелдік симкартаны пайдаланып, азаматтарды алдай алмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл ІІМ "Қазақтелеком" АҚ-мен бірлесіп, шетелдік қылмыскерлер жасайтын телефон алаяқтықтарына қарсы іс-қимылдың жаңа техникалық əдісін енгізді.

Енді IP жəне SIP телефонияны пайдаланатын, елден тыс жерде орналасқан алаяқтар Қазақстан Республикасы азаматтарының қалалық абоненттік нөмірлеріне қоңырау шалып, өздерінің қылмыстық мақсаттарын жүзеге асыра алмайды.

Арнайы жүйе олардың қоңырауларын танып, бірден бұғаттайды. Жыл басынан бері 2 миллионнан астам осындай қоңырау бұғатталды. Бұл телефон алаяқтығын азайтып қана қоймай, оны толығымен тоқтатуға мүмкіндік берді. Егер өткен жылы алаяқтардың əрекетінен жалпы 900-ден астам азамат зардап шегіп, шығын 1,9 млрд теңгені құраса, биыл жаңа жүйе енгізілген сəттен бастап, алаяқтардың құрығына бірде-бір адам түспеді, - деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев брифинг барысында.

Өзгелердің жаңалығы