Шетелдік профессор павлодарлықтың жүрегіне заманауи кардиостимулятор орнатып берді

16 Қазан 2024, 18:45
332
Бөлісу:
Шетелдік профессор павлодарлықтың жүрегіне заманауи кардиостимулятор орнатып берді
PHOTO
Фото: автордан

Ертіс өңірінің кардиохирургтері жүрек қызметі бұзылған науқастарға электрокардиостимулятор орнату операциясы бойынша заманауи технологияны меңгерді. Шеберлік сағатын польшалық профессор Яцек Гайек өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Аритмия диагнозы қойылған науқастардың жүрек қызметін жақсартуға арналған құрал 14 жыл бойы үздіксіз жұмыс істейді.

Яцек Гайек - аритмология саласында 30 жылдық тәжирибесі бар жетекші сарапшылардың бірі. Бүгін профессордың жетекшілігімен төрт павлодарлықтың жүрегіне операция жасалды.

Дәстүрлі әдістерге қарағанда бұл инновацияның артықшылықтары көп. Заманауи құрал науқастың өмір сапасын жақсартып, жүректегі қан қуысының қызметін дұрыс жұмыс істеуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, жүрек ауруларын емдеу саласына оң өзгерістер енгізеді. Бүгін павлодарлық дәрігерлермен бірге «Гис шоғырының оң аяғының толық блокадасы» диагнозы қойылған пациентке ота жасадық. Біз жүректің физиологиялық учаскелеріне электродтар орнатамыз. Осылайша, жүрек тиісті деңгейде жиырылуын қамтамасыз етеді, - дейді Яцек Гайек.

Ота жергілікті анестезияның көмегімен жасалады. Яғни, операция кезінде дәрігерлер науқаспен сөйлесіп, жағдайын бақылап отырады.

Шетелдік профессор павлодарлықтың жүрегіне заманауи кардиостимулятор орнатып берді

Облыстық кардиохирургиялық орталығы жүректің электрофизиологиялық зерттеулері бөлімінің аға ординаторы Арман Байшиннің айтуынша, заманауи аппарат жүрек жетіспеушілігін алдын алуға көмектеседі.

Орталықта осы тектес оталар жасалған. Бірақ, саны тым аз болды. Енді барынша көптеп жүргізетін боламыз. Біздің дәрігерлер озық тәжірибені меңгерді. Бір жыл ішінде 150-ге жуық стимулятор орнатамыз, - дейді Арман Байшин.

Өзгелердің жаңалығы