Шетелдік маркетплейстер еліміздің бюджетіне 6,1 млрд теңге төледі

14 Қыркүйек 2022, 20:37
765
Бөлісу:
Шетелдік маркетплейстер еліміздің бюджетіне 6,1 млрд теңге төледі

Жыл басынан бері интернетте қызмет көрсететін шетелдік компаниялар, сондай-ақ интернет арқылы жеке тұлғаларға тауарларды сататын шетелдік сауда алаңдары  қосылған құн салығы немесе GOOGLE салығын төлеуі керек, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Бұл туралы  ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдейді.

GOOGLE салығын төлейтіншетелдік компания үшін тіркеу талаптары жеңілдетілген. Мәселен, тіркеу есебіне тұру үшін шетелдік компания ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне хат жіберсе жеткілікті. Осы арқылы олар шартты тіркеуден өтеді.

Жыл басынан бері 37 шетелдік компания, соның ішінде Apple, Meta, Google, Ebay, Amazon және басқа да көптеген әлемдік компаниялар шартты тіркеуден өтті. 2022 жылдың басынан бастап аталған компаниялар 6,1 млрд. теңге сомасына салық төледі.

Ең ірі салық сомаларын Ирландияның резиденттері болып табылатын «Meta Platforms Ireland Limited» (1,6 млрд теңге) және «Apple Distribution International Limited » (1,1 млрд. теңге), сондай-ақ АҚШ резиденті «ООО iHerb» (1,4 млрд. теңге) төлеген.

Қандай компаниялар қанша салық төлегені туралы ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында https://kgd.gov.kz/ru/content/spisok-inostrannyh-kompaniy-osushchestvlyayushchih-elektronnuyu-torgovlyu-tovarami-okazanie сілтемесі бойынша көруге болады. 

Салық декларациясын тапсырудың қажеті жоқ, айыппұлдар мен салықтық әкімшілендірудің басқа да күрделі тетіктері жоқ екенін атап өткен жөн. Мұның бәрі тауарлармен электронды сауданы жүзеге асыратын немесе қазақстандық сатып алушының атына электрондық қызметтер көрсететін шетелдік компания үшін Қазақстан Республикасындағы салық міндеттемелерінің орындалуын оңайлату мақсатында жасалды, - деп атап өтті МКК-де.

Өзгелердің жаңалығы