Шетелдік мамандар еліміздің цифрлық саласына қандай тетіктер қажет екенін айтты

20 Қазан 2021, 15:48
1260
Бөлісу:
Шетелдік мамандар еліміздің цифрлық саласына қандай тетіктер қажет екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Цифрлық трансформация және өмірдің жаңа сапасы» атты «OPEN MIND» ашық инновациялардың алғашқы онлайн форумында шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық саласына қандай өзгерістер қажет екенін айтты.

Тайланд ұлттық инновациялық агенттігінің директоры Пун-Ардж Чайратана атап өткендей, алдымен барлығын орталықсыздандыру қажет.

Қазір қаржы саласындағы орталықсыздандыру шынайы болып отыр. Ол жеке адам деңгейіне өтіп жатыр. Оны Үкімет те жүзеге асыруы керек. Мемлекеттік қызмет орталықсыздандырылуы керек. Олар халық пен стартап деңгейіне көшірілуі керек. Сондықтан осы бағытқа ден қою керек, - деді Пун-Ардж Чайратана.
Ал ТМД және Шығыс Еуропа кәсіпорны бойынша Сингапур аймақтық директоры Йогеиндран Тиягараджа үнемі өнеркәсіптілікті қолдайтынын жеткізді.
Бір істі қалай тиімді және нәтижелі жүзеге асыруды қарастырған кезде сұранысқа ие саланы таңдау керек. Егер де менің компаниям болса, мен өнімді және тиімді жүзеге асатын тетіктерді пайдаланатын едім. Ол табыс пен рентабельділікті арттыратын еді. Қазақстанда жақсы экожүйемен қоса, инновациялық кластер қалыптастыру жүзеге асырылып жатыр. Сондықтан кез келген салада өнімділікті арттыру өте маңызды, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы