Шетелдік компаниялар еліміздегі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жобаларын бірлесіп іске асырады

9 Маусым 2023, 20:15
602
Бөлісу:
Шетелдік компаниялар еліміздегі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жобаларын бірлесіп іске асырады
PHOTO
Фото: ИИДМ баспасөз қызметі

Астана халықаралық форумы аясында ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Тимур Қарағойшин Veolia (Франция), Metito (БАӘ) компаниялары мен IFC халықаралық қаржы корпорациясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ИИДМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оның барысында комитет басшысы франциялық Veolia компаниясының вице-президенті Филипп Гитардпен су секторын дамыту, сондай-ақ жылу желілерін салу мен жаңғырту жобаларын бірлесіп іске асырудың перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар ведомство басшысы Metito компаниясының басқарушы директоры Рами Гандормен өткен кездесуде кәріз-тазарту жүйелерінің құрылысы және оны пайдалану бойынша ынтымақтастық мәселелерін пысықтады.

Шетелдік компаниялар еліміздегі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жобаларын бірлесіп іске асырады

Бұл орайда аталған компанияның бизнес бөлімінің басшысы Адиба М Амин биыл ақпанда Дубайда өткізілген форумда Metito-ның қызметін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа таныстырғанын айта кетейік.

Өз кезегінде Құрылыс және ТКШ істері комитетінің төрағасы шетелдік әріптестерге мемлекет-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы еліміздегі КТЖ салу бойынша жобаларға қатысудың жолдарын түсіндірді.

Шетелдік компаниялар еліміздегі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жобаларын бірлесіп іске асырады

Бұған дейін жоғарыда аталған компания өкілдері ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығының басшыларымен кездесіп, онда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жобаларын іске асыру бойынша өзара іс-қимыл перспективалары мен қанатқақты жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды. Қазір бұл бағытқа сәйкес Көкшетау және Семей қалалары ұсынылып отыр. Облыс әкімдіктерімен тиісті келіссөздер жүргізілді.

Бұдан басқа Тимур Қарағойшин IFC халықаралық қаржы корпорациясының өкілдерімен де кездесіп, қаржы институтына еліміздің тұрғын үй-коммуналды инфрақұрылымына инвестиция тартуға, сондай-ақ жеке инвестицияларды да ынталандырып, тұтастай Қазақстанның аталған бағыттағы инвестициялық тартымдылығын жақсартуға қызығушылық танытқаны үшін ризашылығын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы