Шетелдік көліктерді тіркеуге 200 мың теңге төлеу қажет – Сенат

24 Қараша 2022, 13:32
2111
Бөлісу:
Шетелдік көліктерді тіркеуге 200 мың теңге төлеу қажет – Сенат

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екі оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Заң аясында биыл 1 қыркүйекке дейін ел аумағына әкелінген автомобильдерді пайдалану және бастапқы тіркеу үшін бір жолғы тәртіппен 200 мың теңге мөлшерінде бірыңғай алым төлеу тәртібі қарастырылған.

Қабылданған заң инвестиция тартуға және бизнес-ортаны дамытуға қосымша құқықтық жағдай қалыптастырады. Атап айтқанда, жекелеген салаларда қосылған құн салығы бойынша жеңілдіктер беру арқылы өндірісті ынталандыру көзделіп отыр. Жаңа нормалар еңбекақы қорына жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыруға арналған шара. Алдағы уақытта осы заң халыққа және бизнеске көрсетілетін қызметтердің сапасы мен деңгейін көтеруге мүмкіндік береді деп сенеміз, – деді заң жөнінде пікір білдірген Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екі оқылымда қарады. Жан-жақты талқылау нәтижесінде сенаторлар құжатты концептуалды түрде қолдайтындарын білдіріп, оған өз толықтыруларын енгізді және Мәжіліске қайтару жөнінде шешім қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы