Үкімет кулуарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин шетелдік IT-мамандардың елімізге көшуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Меніңше, оң әсерін тигізеді деп ойлаймын. Өйткені IT - әмбепбап сала. Сұраныс бар кезде біз ол саланың дамуын қарастырымыз. Сондықтан біздің нарыққа жаңа бағдарламашылар келсе, олар тек ішкі нарықта жұмыс істемейді. Өз басым Ресейлік компанияның келіп, тендр ұтып жатқанын көрген жоқпын. Сырттан келген бағдарламашылар елімізде тұрақтағанымен олардың негізгі жұмысы басқа да дүниежүзілік компанияларда болады, - дейді Бағжат Мусин.
Айтуынша, шетелдік капиталды елімізге әкелудің бірден бір жолы осы.
Бағдарламашы ретінде елімізде тұрып, америкалық компанияларда жұмыс істеп жатқан азаматтарды да көріп жүрміз. Бұл дегеніміз Қазақстанда жұмыс істеп, АҚШ-тың долларын табады деген сөз. Мәселен, бағдарламашы елімізде отырып, шетелдік компаниядан 2 мың доллар табатын болса, ол ақшасын қайда ұсатады? әрине, елімізде. Яғни, біздің экономикамызға қаржы келеді. Жалпы, шетелден келіп жатқан ақша көп пе? Мұнайдан басқада қаржы көп түсетін сала ретінде осындай үмітіміз бар, - деп түсіндірді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
Мусиннің сөзінше, егер тосқауыл қойған жағдайда еліміз IT саласындағы ірі бәсекеден құр қалады.
Егер шетелдік мамандардың келуіне тосқауыл қоятын болсақ, онда Әзербайжан, Өзбекстан және Армения елдері мамандар үшін таласып, өздеріне алып қоюға әзір. Мәселен, біз салықты төмендетсек, олар мүлдем салықты алып тастап жатыр. IT мамандарда қай жерде жағдай жасалғанына назар аударады. Меніңше, біздің IT саламыздың дамуына оң әсер тигізеді, - дейді ведомства басшысы.