Шетелдік генералдар Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына қызығушылық танытты

27 Тамыз 2019, 12:13
3439
Бөлісу:
Шетелдік генералдар Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына қызығушылық танытты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстанда танысу сапарымен жүрген Үндістанның Ұлттық қорғаныс колледжі тыңдаушыларының делегациясы үшін брифинг өткізді. 

photo5413674546122304274.jpg

ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қонақтарға Тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағытына сәйкес Тәуелсіздік кезеңіндегі еліміздің даму тарихы, қазіргі кезеңдегі сын-қатерлер мен осы сын-қатерлер үшін көпвекторлы сыртқы саясаттың негізгі басымдықтарына ұсынылған шешімдер туралы толық ақпарат ұсынылды. 

photo5413634109005212559.jpg

«Үндістан, Аустралия, Біріккен Араб Әмірліктері және АҚШ-тан келген генералдар мен офицерлер үшін Елбасының жаһандық деңгейде «үш диалогты» ұйымдастыру бастамасы, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ішкі және сыртқы саясатының басымдықтары, Еуразиялық экономикалық одақтың қызметі, Қазақстанның Еуразия орталығында Белдеу және Жол бастамасын жүзеге асыруға қатысуы туралы ақпарат қызығушылық тудырды», - делінген хабарламада

Жиналғандардың назары ядролық қаруды таратпау және қарусыздану мәселелері бойынша Қазақстанның қағидатты ұстанымына, 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні ретінде атап өтілетін және осы күні жоспарланып отырған Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев екінші сыйлығын тапсыру рәсімін өткізуіне аударылды.

Өзгелердің жаңалығы