Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив аралдары, Египет, Түркия, БАӘ, Украина, РФ, Беларусь, Қырғызстан және Өзбекстан Республикаларынан 19 халықаралық әуе рейсі келді.
Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады. 2 832 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 094 адам, анықтамасыз 738 ҚР азаматы келді.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 243 жолаушы, анықтамамен - 928; анықтамасыз - 315;
Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 589 жолаушы, анықтамамен - 1 166, анықтамасыз - 423.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2020 жылдың 28 желтоқсанында анықтамасыз келген барлық 738 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.