Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті - Елбасы Н. Назарбаев Дүниежүзі қазақтарының "Қоғамдық сананы жаңғырту және шетелдік қазақтар" атты V-құрылтайында отандастарды жан-жақты қолдаудың кешенді шараларын әзірлеу бойынша нақты тапсырмалар берді.
Осы тапсырмаларды орындау мақсатында "Отандастар қоры" КЕАҚ және Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп шетелдегі қазақтарды және ерікті қоныс аударуды қолдаудың кешенді шараларына ұсынымдар әзірлеуде.
Кешенді шаралар шетелдегі қазақтарға мәдени-гуманитарлық қолдау көрсету және репатрианттардың қазақстандық қоғамға бейімделуі және кірігуіне қажетті жағдайлар жасаудың негізгі бағыттарын белгілейді, - дейді ұйымдастырушылар.
Ғылыми-сараптамалық кеңес барысында "Шетелдегі қазақтарды және ерікті қоныс аударуды қолдаудың кешенді шараларына ұсынымдарды талқылау" және "Шеттегі және елге келген ағайындарды қолдау саласында қолданылатын терминологиялық аппарат бойынша ұғымдарды талқылау" қатарлы екі мәселе талқыланды.
Шетелдегі қазақтарды және ерікті қоныс аударуды қолдаудың кешенді шараларына ұсынымдар әзірлеудің қажеттілігі шетелдегі қазақтарды және репатриацияны қолдау процестерін реттейтін өзара байланысты бірыңғай кешенді бағдарламалық құжаттардың болмауынан туындайды. Кешенді шаралар мақсаты – бүкіл әлем қазақтарының тарихи және этникалық Отанының айналасында шоғырлануына ықпал ететін шетелдегі қазақтарды және ерікті қоныс аударуды қолдау. Шетелдік қазақтарды қолдау саясаты соңғы уақытта қазақ тілін қолдану салаларының тарылуына және шетелде тұратын қазақтардың ұлттық өзіндік болмысының біртіндеп жоғалуына және олардың ассимиляциялануына байланысты айтарлықтай өзекті, - дейді "Отандастар" қорының бас менеджері Нұрхан Жәлилов.
Сарапшылардың пікірінше, ассимиляцияның нәтижесінде орны толмас жағдайға ұшырап, жақын арадағы 10-15 жылда қазақ ұлтының құрамдас бөлігі ретіндегі шетел қазақтарынан айырылуымыз мүмкін.
Осы ретте, қазақтар тұратын елдерде қалыптасқан әртүрлі ахуалдар – ана тілін үйрену мен қолдану кеңістігінің шектелуі, салт-дәстүр мен мәдениетті, этникалық бірегейлікті жоғалту қатерлері шетелдегі қазақтарды қолдауды күшейтудің кешенді шараларына ұсынымдар әзірлеу қажеттігін туындатып отыр, - дейді әл-Фараби атындағы ҚазМУ профессоры Күлғазира Балтабаева.
Сонымен қатар Нұрхан Жәлиев бұл үрдіс ең алдымен, өңірлік демографиялық әртүрлілікті ескере отырып, этникалық компонентке негізделген көші-қон саясатының жаңа моделін іске асыру қажеттілігін өзектендіреді.
Мемлекетке халықаралық тәжірибені ескере отырып, мәселелерді шешудің жеке тәжірибесі негізінде осы саладағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып, репатриацияның ынталандырушы тиімді жүйесін құру маңызды, - дейді ол.
Ал К. Балтабаева өз кезегінде, шетелдегі этнобірегейлі қоғамдастықтармен өзара іс-қимыл саласындағы көптеген ұғымдар, олардың ішінде бірінші кезекте шетелдегі қазақтар ұғымы, қайта ойластыруды және қайта форматтауды қажет ететінін атап өтті.