Шетелдегі барлық референдум учаскелері жұмысын аяқтады

Шетелде дауыс берген қазақстандықтардың жалпы саны 12 740 адамды құрады.

 Сыртқы істер министрлігі Бүгiн 2026, 08:23
Бүгiн 2026, 08:23
203
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Шетелдегі барлық 71 учаскелік референдум комиссиясы өз жұмысын аяқтады. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан азаматтары дауыс беру үшін 54 елде ашылған учаскелерде өз таңдауын жасады.

Алдын ала мәлімет бойынша, шетелде дауыс берген қазақстандықтардың жалпы саны 12 740 адамды құрады. Бұл дауыс берушілердің 88,6% қатысуын көрсетеді.

Бұған дейін әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне орай және азаматтарымыз санының төмен болуына байланысты, 10 елдегі 11 учаскенің (Иран, Израиль, Иордания, Қатар, БАӘ (2 учаске), Оман, Ливан, Кувейт, Украина және Эфиопия) ашылмағанын жазғанбыз.

 

Наверх