Шетелде паспорт алу жеңілдейді: Қазақстандықтар құжатты екі есе жылдам рәсімдей алады

Қазақстан азаматтары шетелде жүріп жаңа паспортты бұрынғыдан жылдамырақ рәсімдей алады.

 ©BAQ.KZ архиві/Мади Искаков Бүгiн 2026, 14:32
Бүгiн 2026, 14:32
110
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Мади Искаков

Қазақстандықтар шетелде жаңа паспортты енді 90 емес, 40 жұмыс күні ішінде рәсімдей алады.  Тиісті өзгерістерді Сыртқы істер министрлігі әзірлеп, қоғамдық талқылауға шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

СІМ әзірлеген қаулы жобасына сәйкес, «Қазақстан Республикасының шетелде жүрген азаматтарына паспорттарды рәсімдеу үшін құжаттарды қабылдау және оларды дайындауға жіберу» мемлекеттік қызметінің мерзімі 90 күннен 40 жұмыс күніне дейін қысқартылмақ.

Жоба мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін 90 күннен 40 жұмыс күніне дейін қысқарту, сондай-ақ оны қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында әзірленді. Құжатқа редакциялық сипаттағы түзетулер енгізіліп, ескірген нормалар мен сілтемелер алынып тасталады. Бұл өзгерістер мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы заң мен Цифрлық кодекске енгізілген жаңартуларға байланысты, – делінген құжатта.

Министрлік әзірлеген қаулы жобасы биыл 6 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.

Бұған дейін 2026 жылы паспорт, куәлік және жүргізуші құжатын жасату қанша теңге тұратынын хабарлаған болатынбыз.

Наверх