Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

24 Маусым 2019, 20:21
1376
Бөлісу:
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті жиыны өтті.Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Отырысты ашқан М.Тәжин елімізді жаңғыртудың стратегиялық басымдықтарын ескере отырып, бәсекеге қабілетті кадр даярлаудың маңыздылығын айтты.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша 134 үміткерге стипендия тағайындалды. Олар магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша шет елдердегі үздік жоғары оқу орындарында білім алады, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдамаға жіберіледі.

Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы «Болашақ» халықаралық стипендиясын одан әрі жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы