Шетелде 5 мыңнан астам қазақстандық дауыс беріп үлгерді

5 Маусым 2022, 19:15
1156
Бөлісу:
Шетелде 5 мыңнан астам қазақстандық дауыс беріп үлгерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко Орталық референдум комиссиясының алаңында  айтты. 

Бүгінде Сыртқы істер министрлігі шетелдегі қазақстандықтардың дауыс беруіне жағдай жасап жатыр. Сондай-ақ референдумда дауыс беру кезінде халықаралық байқаушыларға да мүмкіндік жасап отыр. Біздің министрлік референдумда дауыс беру үшін 65 референдум учаскесі 52 шетелдік елде ашылды. Барлық комиссия мүшесі алдын ала оқытудан өтті. «Сайлау туралы» заңнамаға сәйкес, консулдық қызмет негізінде референдумда дауыс беру құқығына ие азаматтардың тізімі жасақталды. Референдумда дауыс бере алатын тізімге 11350 қазақстандық азамат енді. Қазір шетелде референдум қалыпты өтіп жатыр, - деді ол.

Василенко атағандай, елорданың 19:00 уақыты бойынша шетелде 5100 қазақстандық дауыс берді. 

Уақыт айырмашылығы бойынша барлық 65 учаске жұмыс істеп тұр. Корея, Жапония елдерінде дауыс беру аяқталып, оның нәтижесін есептеу жүргізіліп жатыр. Оның кейбіреуінде адамдардың барлығы келіп дауыс берген. Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава және Бразилияда екі сағат бұрын ғана референдум учаскелері ашылды. Бұл өңірлерде дауыс еру әлі 9 сағат жалғасады.  Дауыс беру аяқталған соң құжаттар СІМ-ге жеткізіледі. Осыған дейін айтылғандай, Қазақстан 10 шетелдік ұйымнан 272 байқаушыны тіркеді, - деді ол. 

Василенко атағандай, референдумды мониторингілеу жұмысына 215 шетелдік БАҚ қатысты. 

Миссиялар референдумды ұйымдастыруға жақсы баға беріп отыр. Ол заңнама мен стандартқа сай деп аталып жатыр. Орталық референдум комиссиялардың жұмысына да оң баға берілді. Техникалық және өзге нормаларды бұзу тіркелмегені айтылды, - деді Роман Василенко. 

Өзгелердің жаңалығы