Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шешуші ұғым көрсетілмей қалған: Сарапшы заң нормасын қайта қарауды ұсынды

Жансая ҚАМБАР
Бүгiн, 16:33
161
Бөлісу:
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Конституциялық комиссияның кезекті VІІІ отырысы өтіп жатыр. Онда Бас прокурордың бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиев Конституцияның 18-бабын заң техникасы тұрғысынан қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол комиссия қарауына Конституцияның 18-бабына қатысты бірқатар ұсыныстар келіп түскенін айтты. Заңгерлер мен мамандардың пікірінше, заң техникасы тұрғысында сұрақтар бар.

Атап айтсақ, осы баптың 2-тармағында сот шешімінсіз адамды заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды деп көрсетілген. Бұл – дұрыс жазылған мәтін. Дегенмен орыс тіліндегі аудармасында “мерзімнен артық ұстау” деген шешуші ұғым көрсетілмей қалған. Сол себепті кейбір мамандар сот шешімінсіз күдіктіні ұстау мүлдем болмайды деп түсіну қаупі бар екенін айтуда. Яғни қалыптасқан сот тергеу тәжірибесі қиындыққа тірелуі мүмкін деген пікірлер бар, - деді ол.

Жандос Өмірәлиев мәтін мазмұнын шынында да қате түсіну қаупі бар екенін атады.

Кісі өлтіру, басқа да қоғамға қауіпті қылмыстар кідірісті көтермейтіні айдан анық. Қылмысты тоқтату, осы мақсатта күдіктіні ұстау, оны дереу оқшаулау – құқық қорғау қызметінің ең негізгі міндеттерінің бірі болып танылады. Тек осыдан кейін ғана оны күзетпен ұстау туралы шешімді сот қабылдайды. Бұл – дүниежүзілік практика, - деді маман.

Бас прокурордың бірінші орынбасары Конституцияның әрбір нормасы екіұшты емес, анық әрі түсінікті болуы қажет екенін жеткізді.

Сондықтан талқылаудағы осы норманы заң техникасы тұрғысынан қайта қарап нақтылауды ұсынамын, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы