Шерзат Болаттың сараптамалары дайын болды – Министрлік не дейді?

31 Қазан 2024, 17:00
5871
Бөлісу:
Шерзат Болаттың сараптамалары дайын болды – Министрлік не дейді?
VIDEO
Фото: скриншот

Талғарда 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты қандай сараптамалар жүргізілді? Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол тергеуге байланысты істің мәні туралы айта алмайтынын, өйткені бұл – ІІМ өкілеттіктілігінде екенін айтты.

Сот-медициналық сараптамаларға келетін болсақ, олардың бесеуі тағайындалды: дене сараптамасы, өрттің пайда болу себептерін анықтауға арналған сараптама, фототехникалық сараптама, молекулалық-генетикалық сараптама және биологиялық сараптама, - деді Талғат Уәли.

Ресми өкілдің сөзінше, қазір 5 сараптаманың үшеуі дайын болған.

Еске сала кетейік, Талғарда 4 қазан күні 16 жастағы бозбала бір топ жігіттің қолынан қаза болды. Алматы облысының Полиция департаменті "Кәмелетке толмаған баланы өлтіру" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Жасөспірім өлімі туралы істі прокуратура да ерекше бақылауға алды. Бұл іс бойынша қазір 10 адам күдікті ретінде ұсталып, Шерзаттың өртеніп кеткен үйінен айғақ заттар табылған еді.

Өзгелердің жаңалығы