Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шерзат Болаттың ағасының өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

4 Тамыз 2025, 10:50
968
Бөлісу:
 видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Шерзат Болаттың ағасы – Нұрқанат Ғайыпбаевтың жұмбақ өліміне қатысты іс жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы марқұм Шерзаттың отбасының адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді.

Заңгердің айтуынша, отбасы істі қайта жандандыру үшін қайта өтініш түсіреді.

Болашақта істі қайта жандандыру үшін өтінішхат түсіретін боламыз, - деп жазды Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салайық, Нұрқанат Ғайыпбаев 2024 жылы 9 желтоқсанда көз жұмды. Оның денесі Талғардың шет жағында – Шерзат жерленген зираттың жанында табылған. 

Өзіне қол жұмсаған Шерзаттың ағасы қоштасып жазба қалдырған.

Нұрқанаттың өлімі де қоғамда күдік тудырды. Нұрқанат жиенінің қазасына байланысты атышулы істің сотында негізгі куәгер ретінде куәлік беруі тиіс болған.

Өзгелердің жаңалығы