Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шерзат Болат өлімі: Сотта тағы екі куәгер жауап берді

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
5 Мамыр 2025, 12:01
1530
Бөлісу:
 видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Талдықорғанда Шерзат Болат өліміне қатысты өтіп жатқан сотта тағы екі куәгер жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Куәгер Арлан Құсайыновтың жасы 20-да. Құсайынов сотталушыларды да, жәбірленушілерді де танымайтынын айтты.

Куәгер қазан айының басында Талғарда болған жағдай туралы білетінін сотта айтып берді.

Біз әкімдіктің алдында 3 көлікте тұрдық. Одан кейін біздің досымызға (Данияр Жанболат – авт.) оның анасы қоңырау шалып, "ана жақта оқ атып жатыр, тез үйге қайтыңдар" деді. Кейін біз топ болып, автобазаға бардық. Мен ең соңғы болып келгенде досым қоңырау шалды. Сонымен сөйлесіп болып, көліктен түскенше, бәрі тарқап кетіпті, - деді ол.

Сонымен қатар тағы бір куәгер Данияр Жанболатұлы "Қамажай" дүкенінің алдында болған оқиға туралы айтты.

Әкімдіктің алдында тұрғанбыз, анам уайымдап қоңырау шалып, "үйге қайтыңдар" деді. Қоңыраудың ар жағынан жылаған дауысты естіп, бірдеңе болып жатқанын сездім. Сөйтіп 3 көлікпен үй жаққа келдім. Біз келген кезде ("Қамажай" дүкеніне – ред.) жарақат алған жігіттерді ғана көрдік. Қателеспесем, олар Шерзаттың достары болды. Біреуінің басында жарақаты болды. Біз не болғанын түсіндей, жай ғана төбелес болған шығар деп ойладық. Дәл осылай болатынын білмедік. Біз сол жерде тұрғанда Юлдаш пен Арлан екеуі кетіп қалды, - деді ол.

Данияр Жанболатұлына көршісі видео көрсеткен. Видеода интернетте таралған сәт болған. Ол үйдің төртінші қабатынан түсірілген.

Бұған дейін дүкенге қарсы үйде тұратын куәгер сотта жауап бергенін жаздық.

Өзгелердің жаңалығы