Шерзат Болат ісі: Дау неден басталды?

17 Сәуір 2025, 11:54
1222
Бөлісу:
Шерзат Болат ісі: Дау неден басталды?
Фото: Видеодан скриншот

Шерзат Болат ісі бойынша сотталушылар қатарында 9 адам бар. Бүгін олардың айыптау актісі толық оқылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға қалай басталды?

2024 жылдың 3 қазанында кешкі сағат 23:22 шамасында Дархан Әскентай мас күйінде "Қамажай" дүкеніне кіріп, үш бөтелке сатып алып, ақшасын төлеген. Одан соң 11 минут өткенде дүкенге Қаржаубай Нұрымовтың кәмелетке толмаған баласы – Шерзат Болат кірген. Сағат 23:47-де Әскентай қайта оралып, дүкен иесіне телефонын беріп, қуаттауды өтінген. Нұрымов телефонды қосқан.

Сол сәтте дүкен ішінде отырған Шерзат Полат бұл жағдайға куә болған. Ол кейін сыртқа шығып, Әскентайдың әрекетін бақылауын жалғастырған. Біраздан соң Әскентай телефонын алып, дүкен алдында отырып, ішімдік ішуін жалғастырған.

23:52-де кәмелетке толмаған Полат (сотталушы) Дархан Әскентай әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты балағат сөз айтты деген болмашы себепті пайдаланып, дүкен алдында тұрған Әскентайдың оң жақ көзі тұсынан екі рет жұдырықпен ұрған. Медициналық сараптама қорытындысы бойынша Әскентайға оң жақ бет сүйегінің зақым алған және орта дәрежедегі дене жарақаты келтірілген. Бұл мән-жайды дүкен ішінен бақылап тұрған Нұрымов бірден сыртқа шығып, өзінің баласы – кәмелетке толмаған ұлына ескерту жасап, дүкеннен су алып, Әскентайдан аққан қанды жууға көмектесіп, баласының әрекеті үшін Әскентайдан кешірім сұрап, келген зақымды өтеп беретінін жеткізген. Алайда Әскентай Нұрымовтың кешірім сұрағанына құлас аспай, жағдайды егжей-тегжей шешу үшін "Қамажай" дүкені алдына өзінің танысы Нұрбол Тоқтаубаевды шақырған, - дейді деді мемлекеттік айыптаушы.

Еске сала кетейік, осыған дейін сотқа кешіккен адвокатқа ескерту жасалғаны туралы жазғанбыз. 

Аталған іске қатысты сот отырысы аптасына екі рет өтеді. Прокурор Ержан Құрақбаев күдіктілердің сұмдық әрекеттерін жария етті. Айтуынша, күдіктінің бірі Шерзат Болаттың әжесін итеріп, құлатқан.

Сотталушылар істі алқабилердің қарауынан бас тартты.

Өзгелердің жаңалығы